jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматыда бір күнде жарты айда жауатын жауын-шашын түсті (фото)

жауын
Жауынды күн. Фото: t.me/AlmatyJoly

Алматыда жауын-шашынның рекордтық мөлшері тіркелді. 10 мамыр күні сағат 11:00-ден 11 мамыр күні сағат 20:00-ге дейін қала аумағына 50,4 мм жауын-шашын түскен. Бұл мамыр айына белгіленген айлық норманың (99 мм) 51 пайызына тең, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Telegram-дағы AlmatyJoly арнасына сілтеме жасап.

Осыған байланысты коммуналдық қызмет су басудың алдын алу және оларды жедел жою мақсатында күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жөнінде Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлады.

Сонымен қатар Алматы қаласының Құтқару қызметі де кезекшілікке кіріскен. Олардың қарамағында ассенизаторлық көлік пен 15 мотопомпа бар. Ал Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 53 арнайы техника мен 240 қызметкер тартылған.

Жалпы алғанда, қала инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бір тәулік ішінде 3 080 жол саласы жұмысшысы мен 1 225 арнайы техника қатыстырылған. Жедел әрекет ету үшін 2 300 құм толтырылған қап дайындалды.

Синоптиктердің болжауынша 12 мамырда Алматыда кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал 13 мамырдан бастап жауын-шашын тоқтап, күн ала бұлтты болмақ.

Алматыда бір күнде жарты айда жауатын жауын-шашын түсті (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.