jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Маңғыстаудан ежелгі Қытай және Риммен байланысы бар көне қалашықтың орны табылды (фото, видео)

Қарақабақ
Көне қалашық. Фото: instagram.com/mangystau_oblysynyn_akimdigi

Маңғыстау облысынан дала өркениетінің көне ізі бар, тарихы екі мыңжылдық қала анықталды. Зерттеушілер ежелгі қалашықтан Византия, Үндістан, Рим, Парсы және Қытаймен байланысты дәлелдейтін тиындар, мөрлер, қыш ыдыстар мен түрлі жәдігер тапқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының әкімдігінің Instagram желісіндегі арнасының хабарлауынша, Түпқараған ауданындағы Қарақабақ қалашығынан Византия, Үндістан, Рим, Парсы және Қытай елдерімен байланысты дәлелдейтін тиындар, мөрлер, қыш ыдыстар мен түрлі жәдігерлер табылған. Сондай-ақ археологтар көне порт қызметін атқарған аймақтың іздерін, қолөнер өндірісі мен теңіз саудасына қатысты көптеген деректерді анықтаған.

Мамандардың айтуынша, Қарақабақ қалашығы б.з. I-VI ғасырларына жататын көне сауда және қолөнер орталығы болған. Археологиялық зерттеулер бұл өңір арқылы осыдан 2000 жыл бұрын халықаралық сауда қатынастары жүргенін дәлелдеп отыр. Ғалымдардың пайымдауынша, Қарақабақ Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағындағы маңызды теңіз-құрлық сауда торабы ретінде Каспий маңы мемлекеттерінің саяси, экономикалық және сауда байланыстарында ерекше рөл атқарған.

Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Қарақабақтың тарихи маңызына тоқталып, бұл жаңалықтар Маңғыстаудың көне өркениеттер мен халықаралық сауда қатынастарындағы орнын айқындай түсетінін атап өтті.

"Біз қазір Қарақабақ деген жерде тұрмыз. Ғалымдардың пайымдауынша бұл қала ІІ ғасырдағы Рим ғалымы Клавдий Птолемей жасаған Каспий теңізінің шығыс жағалауының картасында Аспабота деген қала-мемлекет ретінде көрсетілген. Мұнда жер астында көне қаланың орны жатқаны анықталып отыр. Қазіргі тілмен айтқанда, бұл өз дәуірінің ірі логистикалық хабы болған деуге болады. Бұл деректер ата-бабаларымыз тек көшіп-қонып, мал шаруашылығымен ғана айналысты деген түсінікті жоққа шығарады. Керісінше, мұнда үлкен сауда айналымы жүргенін, өркениет болғанын дәлелдейді", - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Маңғыстаудан ежелгі Қытай және Риммен байланысы бар көне қалашықтың орны табылды (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.