jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Астанада көшелердің бірі алдағы күндері уақытша жабық болады

Жол жөндеу
Жол жөндеу. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Астанада С. Шаймерденов көшесінің Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі аралығындағы жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сонымен қатар Ж. Нәжімеденов/С. Шаймерденов және А. Байтұрсынұлы/С. Шаймерденов көшелерінің қиылыстарында қозғалыс ішінара шектеледі.

Осыған байланысты, 13-14 мамырда аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі. Жұмыс Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне қарай бағытта жолдың бір жағында жүргізіледі.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады", - делінген әкімдік хабарламасында.

Жол сызбасы
Жабық болатын жолдың сызбасы. Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада көшелердің бірі алдағы күндері уақытша жабық болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.