jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Қызылордада Turgyndar amanaty партиялық жобасы аясында форум өтті

Қызылордада өткен форум
Қызылордада өткен форум. Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, "Аманат" партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, парламент мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мамандарының қатысуымен TURǴYNDAR AMANATY партиялық жобасы аясында форум өтті.

Онда көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Қызылордада өткен форум
Қызылордада өткен форум. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

1"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласының көпқабатты тұрғын үйлерін ыстық сумен қамту жобасы жүзеге асырылып, бүгінде тұрғындар оның игілігін көруде.

Қызылордада өткен форум
Қызылордада өткен форум. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

00Тұрғын үй қорын жаңарту тұрақты бақылауымызда. Үш жылда 3 млрд. 500 млн. теңгеге 65 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Қызылорда қаласында 1 млрд. 775 млн. теңгеге 60 ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері заманауи панельмен қапталды, 4 млрд. теңгеге қосымша 70 тұрғын үй жаңартылуда. Аулаларға демеушілер есебінен 80 спорт, ойын алаңы орнатылды.

Қызылордадағы форум
Қызылордадағы форум. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында елді мекендерді абаттандыру, қоршаған ортаны таза ұстау, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыруда ауқымды шаралар ұйымдастырылып келеді. Мақсат – тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау.

Форум аясында көтерілген бастамалар еліміздегі және Сыр өңіріндегі тұрғын үй саласының дамуына оң серпін береді деп сенемін. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!", – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Қызылордада өткен форум
Қызылордада өткен форум. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Басқосуда Ержан Жұматұлы, Мархабат Жайымбетұлы, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Тұрсынбайұлы, "Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамыту орталығы" АҚ департамент директоры Марғұлан Жеңісұлы, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаинұлы, Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Сәбитұлы, Пәтер иелері ассоциациясының Қызылорда қаласы бойынша төрайымы Ілімжаухар Кеңесқызы сөз сөйледі.

Қызылордада Turgyndar amanaty партиялық жобасы аясында форум өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.