Ұялы телефондарды верификациялау мемлекет бақылауына беріледі
Жарияланған күні:
Мәжілісте абоненттік құрылғыларды верификациялауға мемлекеттік монополияны бекітетін заң жобасы мақұлданды. Құжат арқылы ұялы телефондар нарығын "тазарту" шаралары енгізіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мәжілістің баспасөз қызметінің мәліметінше, верификацияға қатысты функцияны Мемлекеттік радиожиілік қызметінің қарамағына беру ұсынылады. Бұл шара тұтынушыларға сатып алынатын құрылғылардың түпнұсқалығы мен сапасына кепілдік алуға мүмкіндік береді, қоғамдық және дербес қауіпсіздікті арттырады, бизнеске адал бәсекелестік пен ашық баға белгілеу үшін жағдай жасайды. Ал мемлекет үшін кедендік бақылауды күшейтеді және ұялы телефондарды ұрлау санын азайтуға көмектеседі.
Сондай-ақ телефон алаяқтығын анықтау және бейтараптандыру, деректерді өңдеу орталықтарының инфрақұрылымын дамыту және телекоммуникация саласында жаңа технологияларды енгізу үшін ақпараттық-талдау жұмысын күшейту жөніндегі шаралар көзделіп отыр.
Бұдан басқа телекоммуникация желілерін халықаралық трафик транзитін орталықтандырылған басқару жүйелеріне өтпей ұйымдастыру, сондай-ақ рұқсат етілмеген трафикті өткізуге және байланыс желілерін заңсыз пайдалануға тыйым салуды енгізу ұсынылады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2376024-uialy-telefondardy-verifikatsiialau-memleket-baqylauyna-beriledi/