Алматыда жүкті әйел ауруханада көз жұмды
Жарияланған күні:
Алматыдағы ауруханалардың бірінде жүкті әйел көз жұмған. Әйелдің өліміне не себеп болғаны сот-медициналық сараптама қорытындысынан соң белгілі болады, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Алматыдағы ауруханалардың бірінде жүкті әйел көз жұмды. Бірақ медициналық ұйым басшылығы ол туралы тиісті орындарға хабарламаған. Сол себепті емдеу мекемесіне айыппұл салынған. Бұл туралы қалалық Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаменті хабарлады. Десе де Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері қайғылы жағдай мереке күні болғандықтан ақпарат келесі күні жолданғанын мәлімдеді.
Оқиғаны жасырды немесе ақпарат берілмеді деген тарап жатқан мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді деп мәлімдеді ведомстводағылар. Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша анықталмақ.
"7 мамыр Қазақстан Республикасында ресми мереке және демалыс күні болғандықтан, құжаттарды ресми электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жолдау қолданыстағы заңнамаға сәйкес тек жұмыс күндері мен жұмыс уақытында жүзеге асырылады. Осыған байланысты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментіне алғашқы ақпарат жедел түрде WhatsApp мессенджері арқылы жіберілген. Хат алмасудың растайтын скриншоттары бар", - дейді Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Жадыра Ахметова.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2376234-almatyda-zhukti-aiel-auruhanada-koz-zhumdy/