jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Таразда мал өлексесін тастайтын орын маңында жаңа зират пайда болған

зират
Зират. Видеодан кадр: КТК телернасы

Таразда мал өлексесін тастайтын орынның маңы адам жерлейтін қорымға айналып барады. Жергілікті мәслихат депутаттары биотермия қалдықтарына қатысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды КТК.

Телеарна тілшісінің хабарлауынша, депутаттар жерлеу рәсімімен айналысатын серіктестік бұл жерді сұраусыз пайдаланып отыр дейді. Енді кәсіпкердің әрекетін арнайы комиссия қарамақ. Қоғам белсенділері марқұмдарды өлексе тастайтын орынның маңына қоя бастағанын байқаған. Олар биотермия қалдықтарының айналасын қорым басып бара жатқанын айтады. Халық қалаулылары бұл одан әрі жалғаса берсе, жер астындағы қалдықтардан індет тарауы мүмкін деп алаңдайды.

"Заң бойынша биотермиялық қалдықтар тастайтын орыннан бір шақырым жер тазалық аумағы саналады. Бұл жерде ешқандай нысан болмауға тиіс. Ал мұндағы ара қашықтық 100 метрге де жетпейді. Мұндай нысандар қауіптіліктің бірінші деңгейіне жататындықтан, бұл мәселені жан-жақты қарап, шешу керек", - дейді Жамбыл облысы мәслихатының депутаты Жанар Бүркітбаева.

Өлексе тастайтын орынның қауіпті екенін ветеринар мамандар да ескертіп отыр. Ондағы қалдықтар жоғары температураға дейін қызып, содан кейін шіри бастайды. Ереже бойынша, бұл маңға мал жаюға да болмайды. Адамдардың жүруіне тіпті рұқсат етілмеген. Ал қалдықтарды тек арнайы киім киген мамандар тастауы керек.

"Кейін соғылған зираттар 2025 жылдың аяғынан басталды. Оны құзырлы органдар анықтайды. Кімнің балансында, кім рұқсат бергенін анықтайды", - дейді Жамбыл облысы әкімдігі ветеринария басқармасының бөлім басшысы Талғат Қожабергенов.

Телеарна мәліметінше, жерлеу рәсімін өткізетін серіктестік басшысы бұл жерлерді пайдалануға рұқсат алуды енді бастаймыз деп отыр. Алайда тиісті құжатты құнттамайынша, отызға жуық марқұмды жерлеп үлгерген.

"Байқасаңыздар, ол жерде де ескі зираттар бар. Біз тұрғындардың сұрауымен ол жерді қазір рәсімдеуге дайындадық. Алдағы уақытта әкімдіктен рұқсат алу үшін хат жазбақпыз. Ал мал өлексесін тастайтын жаңа орынды біздің қорымға жақындатып жібергенін түсінбедік. Бізден неге рұқсат алмаған?" - дейді "Мамандандырылған жерлеу рәсімі" ЖШС директоры Қадырхан Абдуллаев.

Қала әкімдігі бұл мәселені шешу үшін арнайы жұмыс тобын құрмақ. Олар биотермия қалдықтарын төгетін аумаққа қалайша адамдар жерленіп жатқанын анықтауға кіріседі. Енді жеке кәсіпкердің жерді өз бетінше пайдаланғаны анықталса, онда қомақты айыппұл салынуы мүмкін.

Дереккөз: КТК

Таразда мал өлексесін тастайтын орын маңында жаңа зират пайда болған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.