jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Дер кезінде анықтамаған": Ақтөбеде бозбаланың өліміне ата-анасы дәрігерлерді кінәлады

Марқұм Ярославтың анасы Светлана Горбунова
Марқұм Ярославтың анасы Светлана Горбунова. Кадр видеодан: КТК телеарнасы

Ақтөбеде 18 жастағы бозбаланың өліміне ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр. Олар дәрігерлерді қатерлі ісікке шалдыққан Ярослав Горбуновтың диагнозын дер уақытында дұрыс қоймады деп айыптап отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Марқұмның анасының сөзінше, дерті асқынған жас жігітті басында артроз деп емдеген. Тіпті, массажбен, жылумен емдеуге кеңес берген екен. Ал ондай ем қатерлі ісік кезінде мүлде жасалмауы тиіс болған. Ұлын жоқтаған ана баласының аяғындағы ауырсынуға алғаш шағымданғанда дәрігерлер оның сөзіне сенбеген. Кейбірі тіпті әскерден қашу үшін сылтау іздеп жүр деген көрінеді. Ауруы асқынған соң ғана флюрография кезінде өкпесіндегі өзгерістер байқалып, кейін қатерлі ісік екені анықталған. Бірақ ол кезде саркома өкпеге метастаз беріп үлгерген.

"Балам қатты ақсап жүрді. Балдақ та алдық. Бірақ ешкім нақты диагноз қоя алмады. Бірі артроз деді, бірі жай ауырсыну шығар деді. Кейін бәрі кеш болып кеткенін білдік. Егер дер кезінде анықталғанда, мүмкін баламды аман алып қалар ма едік", - дейді марқұмның анасы Светлана Горбунова.

Ярослав негізгі емді Астанада қабылдаған. Алты курс химиотерапиядан өткен. Алайда ауыр дертке қарсы күрес нәтиже бермей, жас жігіт қайтыс болды.

"Ақтөбелік дәрігерлердің үстінен прокуратураға шағымдандым. Былтырдан бері дұрыс диагноз қоймай сабылтты. 8 рет МРТ мен КТ-ға түстік. Оны басында дұрыс оқымаған. Кінәлі үш дәрігердің атын атап, түсін түстеп арызымда жаздым. Менің балам қазір қасымда жоқ. Бірақ өзге науқастар дәрігердің салғырттығынан зардеп шекпесе екен деймін", - дейді Светлана Горбунова.

Ақтөбедегі онкология орталығы өкілдері саркома өте сирек кездесетін ауру екенін айтады. Жиырма жасқа дейінгілер арасында дәл осы диагнозбен ауратындар миллион адамның ішінде тек біреуінде ғана кездеседі екен.

"Біз кешенді тексеру жүргіздік. Науқасқа химиялық зерттеулер жүргізіп, біздің орталықта саркомаға қатысты диагноз қойылды. Одан соң Астанаға қосымша зерттеуге жіберген едік. Үш тексеру келді. Тәуелсіз сарапшылық комиссия мен медицинадық және фармацевтикалық бақылау комитетінен де келді. Бірнеше маманға тәртптік жаза тағайындап, шара қолданды", - дейді М.Оспанов атындағы БҚМУ медицина орталығының директоры Олжас Оразаев.

Дереккөз: КТК телеарнасы

"Дер кезінде анықтамаған": Ақтөбеде бозбаланың өліміне ата-анасы дәрігерлерді кінәлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.