jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Өзімді қарабет болғандай сезінемін": Астанада параспортшы тозығы жеткен үйде 20 жылдан бері жан бағып келеді

Ғани Рақымжанның тұрып жатқан үйі
Ғани Рақымжанның тұрып жатқан үйі. Кадр видеодан: "КТК" телеарнасы

Астанада тозығы жеткен үйде 20 жылдан бері тұрып жатқан параспортшы көмекке мұқтаж. Сал ауруымен ауыратын азаматтың жалдамалы үйі құлаудың аз-ақ алдында тұр. Оның үстіне, бала кезден туыстарының тарапынан қиянат көріп, жәрдемақысынан да қағылған көрінеді. Темірді иіп, тағдырмен күресіп жүрген ауыр атлетика шебері жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна дерегінше, қиындықпен жалғыз алысып келе жатқан Ғани Рахымжан тозығы жеткен, шатыры шұрық-тесік үйдің бір бұрышында тұрып жатқанына 20 жылдан асқан. Құлаудың аз-ақ алдында тұрған баспананың жаңбыр жауса, төбесінен су сорғалап, әбден берекесін қашырған.

"Осы жерде жуынамын. Қыста пеш жағамыз, көмір пайдаланамыз, ағашпен көмір жағамыз. Мына жерде киімімді ауыстырып, жататын бөлме, кейде қыста қабырғасы өте суық болады", - дейді ол.

37 жастағы Ғанидің сал ауруының кесірінен талай жолы жабылған. Айтуынша, тіпті туған анасы бала кезден бері жәрдемақысын бермей, емдетпеген де.

"Жәрдемақымды анам алып жүрген. Шынымды айтсам, жаныма бататыны сол. Өйткені, мен, мысалы, қалаға бірге оқитын балалармен барғанда, солардың қасында ақшасыз отырғанда, өзімді қарабет болғандай сезінемін", - дейді Ғани Рақымжан.

Параспортшының есту қабілеті де нашар. Есту құрылғысын жоғалтып алғалы, "көрген күнім азап" дейді. Бір аяғының қысқалығымен жұмысқа барып-келуінің өзі мұң. Қазір Паралимпиадалық орталықтың жаттығу залында нұсқаушы болып жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесіп жүріп, өзі де ауыр атлетикадан жарыстарға дайындалады.

Ғани былтырдан бері мемлекеттен берілетін баспана кезегінде тұр. Біз мән-жайын білу үшін Нұра ауданының әкімдігіне бардық. Олар мәселені "Отбасы банкіне" сілтеді. Ал олар күтуден басқа шара жоқ деп, жауаптың өзін жазбаша қайтарды.

"2025 жылғы 24 мамырдан бастап, "Отбасы банк" ұлттық даму институты мәртебесіне ие болды. Содан бері банк тұрғын үй кезегін орталықтандырылған түрде жүргізеді. Пәтер бөлу кезінде, заң бойынша кезекке тұрған жылға басымдық беріледі және үшінші топтағы мүгедектігі бар жандарға тұрғын үй алуға бірінші кезек құқығы берілмейді. Олар кезекте ешқандай басымдықсыз, жалпы негізде тұрады", - делінген "Отбасы банк" АҚ берген жауабында.

"Арманым — отбасын құру. Бірақ әлі де мынадай үйде, өзіңіз білесіз, қалай алып келесің, қандай келін келеді, мына үйге? Осы күнге дейін менің жағдайымды біліп жатқан адам болған жоқ. Енді қазір мемлекетімізден, қазақ халқынан көмек сұрап отырмын. Өзімнің жеке бұрышым болса екен деп армандаймын", - дейді параспортшы.

"Өзімді қарабет болғандай сезінемін": Астанада параспортшы тозығы жеткен үйде 20 жылдан бері жан бағып келеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.