jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Өмір сүру мүмкін емес": Ақмола облысында осал топтарға берілген үйдің тұрғындары жанайқайын айтты

Үй
Көк басқан пәтер. Кадр: "КТК" арнасы

Ақмола облысы Державинск кентінің 80 тұрғыны әлеуметтік осал топтарға берілген үйлердің сапасына шағымданып отыр. Айтуыларынша, берілгеніне жылдан енді асқан үйлердің шатырынан су ағып, едені көтеріліп, ішін көк басқан, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

"Басында бәрі жақсы болды. Бірақ тамыз айында жаңбырмен бірге қиындықтар да басталды: көгеру, ылғал, үйге су кірді. Линолеумның астына су жиналды. Біз аудан әкімдігіне пәтерді ауыстыру мәселесімен бардық. Өйткені мұнда өмір сүру мүмкін емес. Бірақ әкімдік мәселемізді толық шешпеді. Енді кімге барып айтамыз?", - дейді тұрғын Ирина Лысенко.

Телеарна мәліметінше, тесік төбенің азабын тұрғындар әлі көріп отыр. Жаңбыр жауса су сорғалайды. Мердігер олқылықтарды жойғандай болғанымен, көгерген жерлер сол күйі кетпепті. Сыртқы қаптама да алқам-салқам. Жаңбыр суы қабырғадан да кіреді екен.

Жергілікті әкімдік ақаудың барын жасырмайды. Тек бәрін бірдей мойындап отырған жоқ. Айтуларынша, 10 пәтерді жөндеуді ай соңына дейін аяқтамақ.

"Сапалы жұмыс атқару үшін тұрақты қолайлы ауа райын күту қажет болды. Қазір жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Шатырдың күрделі жөндеуі аяқталғаннан кейін, біздің жұмыс бригадамыз үй ішіндегі олқылықтарды жоюға кіріседі", - дейді мердігер компания өкілі Кенесары Қабкенов.

Дереккөз: "КТК" арнасы

"Өмір сүру мүмкін емес": Ақмола облысында осал топтарға берілген үйдің тұрғындары жанайқайын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.