Астанадағы қиылыстардың бірі түнде жабық болады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қала қиылыстарының бірі 17-18 мамыр аралығында жабық болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Астана әкімдігінің Telegram арнасында жария болған ақпаратқа сәйкес, Әл-Фараби даңғылы мен Керей Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автокөлік қозғалысы уақытша толық жабылады.
"Шектеулер 17 мамыр сағат 16:00-ден 18 мамыр сағат 09:00-ге дейін енгізіледі. Бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", - делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2377457-astanadagy-qiylystardyng-biri-tunde-zhabyq-bolady/