Қазақстанда бірінші сыныпқа қабылдау басталады: өңірлер бойынша мерзімдер жарияланды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстанда балаларды бірінші сыныпқа қабылдаудың жаңа ережелері мен мерзімдері бекітілген бұйрық жария болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің бірлескен бұйрығына сәйкес, Қазақстанда 2026 жылдың 27 мамырынан 31 тамызына дейін бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау бойынша пилоттық жоба іске қосылды.
Биыл қала мен өңір бойынша бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау кестесі мынадай:
- 27 мамыр – 31 тамыз: Астана қаласы, Абай облысы, Жетісу облысы, Қызылорда облысы, Батыс Қазақстан облысы;
- 10 маусым – 31 тамыз: Алматы қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы;
- 18 маусым – 31 тамыз: Алматы облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы, Шымкент қаласы;
- 29 маусым – 31 тамыз: Түркістан облысы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы.
Бұл ережелер бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдауға қолданылады.
"Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және осы білім беру ұйымында оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар көрсетілетін қызметті алушының өтініші негізінде бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады", - делінген құжатта.
Бұйрыққа сәйкес, электрондық нысанда қызметті алуға бір мезгілде өңделетін өтінімдердің рұқсат етілген шекті санына қол жеткізілген жағдайда, жаңа көрсетілетін қызметті алушылар автоматты түрде кезектегі өз позициясын қадағалау мүмкіндігімен "Күту бөлмесіне" жіберіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2377852-qazaqstanda-birinshi-synypqa-qabyldau-bastalady-ongirler-boiynsha-merzimder-zhariialandy/