jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстаннан Токио мен Нью-Йоркке тікелей әуе рейстері қашан ашылады

Нью-Йорк. Көрнекі сурет
Нью-Йорк. Көрнекі сурет: pixabay.com

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев бүгін министрлер кабинетінің отырысында АҚШ пен Жапонияға тікелей әуе рейстері қашан ашылатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Олжас Бектенов Токио мен Нью-Йоркке жаңа тікелей әуе рейстерін ашу бірнеше жылдан бері талқыланып келе жатқанын еске салды. Дегенмен ол әзірге ешқандай нәтиже шықпағанына баса назар аударып, бұл тұрғыда бүгінде не істеліп жатқанын сұрады.

"Токиоға рейстер биыл төртінші тоқсанда, ал Америка Құрама Штаттарына келесі жылдың екінші тоқсанында ашылады. Қазіргі уақытта Астанадан басқа бағыттарға 34 халықаралық рейс орындалады. Жыл соңына дейін тағы бесеуін іске қосу жоспарланып отыр", - деп жауап берді Нұрлан Сауранбаев.

"Бұл тек сөз жүзінде қалып қоймасын", - деп қосты Бектенов.

Министрлік басшысы, сондай-ақ Қазақстандағы ішкі әуе рейстерінде биометрия енгізілетіні жөнінде мәлімдеме жасады.

Қазақстаннан Токио мен Нью-Йоркке тікелей әуе рейстері қашан ашылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.