jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Бектенов жаңа төрт әуежайды биыл уақтылы пайдалануға беруді тапсырды

ұшу жолағы
Ұшу жолағы. Көрнекі фото: pexels.com

Премьер-министр Олжас Бектенов Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар облыстарында жаңа төрт әуежайды биыл уақтылы пайдалануға беруді тапсырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов авиация саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы аяқтаудың маңыздылығына тоқталып, өңір әкімдіктеріне жаңа әуежайлардың белгіленген мерзімде пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

"Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар облыстарының әкімдіктері белгіленген мерзімдерді қатаң сақтай отырып, Катонқарағай, Зайсан, Кендірлі және Арқалық әуежайларын биыл уақтылы пайдалануға берсін, сондай-ақ Павлодардағы әуежайды жаңғырту жұмыстарын аяқтасын", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет басшысының сөзінше, Көлік министрлігі әуе компанияларымен және әуежай қызметтерімен бірлесіп, өсіп келе жатқан жолаушылар ағынына сапалы, жайлы әрі жедел қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыс жүргізуі қажет.

Жалпы үйлестіру жұмысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.

Бектенов жаңа төрт әуежайды биыл уақтылы пайдалануға беруді тапсырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.