Жетісуда мемлекеттік қызметші құмар ойындарға қатысқаны үшін жұмыстан босатылды
Жарияланған күні:
Жетісу облысында мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін жұмыстан босатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекеттік органның қазіргі қызметкері заңмен белгіленген тыйымдарды елемей, құмар ойындарға жүйелі түрде қатысып келгені анықталды", - делінген хабарламада.
Бұл заң бұзушылықты Ақсу ауданының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын талдау барысында анықтаған. Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметші атқарып отырған лауазымынан босатылды.
Жетісу облысының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен әдеп нормаларын сақтау мемлекеттік қызметте болудың міндетті шарты екенін, ал оны бұзу жауапкершілік пен құқықтық бағалауға әкеп соғатынын атап өтті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2378340-zhetisuda-memlekettik-qyzmetshi-qumar-oiyndarga-qatysqany-ushin-zhumystan-bosatyldy/