Құрбан айт: Астанада құрбандық шалатын орындар белгіленді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Елордалық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқали брифингте Астанада Құрбан айт мерекесі қалай өтетінін айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Айт намазы және құрбандық шалу уақыты
Қайролла Көшқали 27 мамыр сағат 06:00-де қаланың барлық мешітінде мерекелік айт намазы оқылатынын хабарлады.
"Арнайы белгіленген орындарда құрбандық шалу күн сайын сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі", - деді ол.
Қала билігі малды арнайы бөлінген орындардан тыс жерде құрбандыққа шалуға тыйым салынатынын ескертті.
Құрбандық шалуға арналған орындар
Елордада құрбандық шалуға арналған бес орын бекітілген:
- "Шанхай" базары – Алаш тас жолы, 34/6 ("Көк базар" базарының арты);
- "Баракат" базары – А-369 көшесі, №10 ғимарат;
- "Жайлау" базары – Алаш тас жолы, Ц-313 көшесі;
- "Шәушен" шаруа қожалығы – Алаш тас жолы, 136Б;
- "Ет-Хан" ет цехы – "Железнодорожный" тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20.
Намаз кестесі және онлайн-формат
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні — 27 мамырда өтетін айт намазының кестесін жариялады.
Бұған дейін Қазақстанда құрбандық шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған арнайы сайт іске қосылған болатын. Онлайн құрбандық шалғысы келетіндер сайт арқылы құрбандыққа шалынатын малды таңдап, қажетті қаражатты QR көмегімен аудара алады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2378793-qurban-ait-astanada-qurbandyq-shalatyn-oryndar-belgilendi/