jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Үш өңірде үсік жүреді: 21 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Үсік
Көрнекі фото: pixabay.com

Ертең, 21 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады? "Қазгидромет" РМК бейсенбі күні еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүретінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

21 мамырда еліміздің үш бірдей өңірінде үсік жүреді. Десе де еліміздің батысында күн ысиды.

  • түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Солтүстік Қазақстанның батысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында сынап бағаны 1-2 градус суықты көрсетеді деп күтіледі;
  • Атырау облысында күндіз күн 35 градусқа дейін қатты ысиды.

"Қазақстан аумағының басым бөлігі циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, орталықта бұршақ түсіп, дауыл тұрады, солтүстікте, оңтүстікте нөсер құяды деп болжанады. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылыстарға желдің күшеюі, батыста шаңды дауылдың тұруы, оңтүстік-батыста, солтүстікте тұманның түсуі жатқызылады", - делінген синоптиктер ұсынған болжамда.

Үш өңірде үсік жүреді: 21 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.