jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Бәрі құлап жатыр": Ақтөбеде тұрғындар 75 жылдан астам уақыт бұрын салынған үйде жан бағып отыр

Ақтөбедегі құлағалы тұрған үй
Ақтөбедегі құлағалы тұрған үй. Фото: Almaty.tv

Ақтөбеде тұрғындар екі жыл бұрын тұруға жарамыз деп танылған пәтерде өмір сүруге мәжбүр. Бұл үйлер шамамен 75 жылдан астам уақыт бұрын салынған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Екі қабатты үйде бүгінде 6 отбасы тұрады. Қалғандары шыдамай көшіп кеткен екен. Ал барар жер, басар тауы жоқ жұрт дымқыл тартып, қабырғалары қисая бастаған баспанада қорқынышпен өмір сүруге мәжбүр. Себебі пәтерлердің едендері шіріп, төбесі құлауға шақ тұр. Тұрғындардың сөзінше, аталған үй осыдан екі жыл бұрын апатты деп танылған.

"Мұнда балалар да тұрады. Ертең төбе құлап кетсе ше? Ешқандай жағдай жасалмаған. Мысалы, менің үйімде су да жоқ. Бұрын су колонкасы болған, оны үш жыл бұрын алып тастады. Дәретхана да жоқ.  Суды дүкеннен сатып аламын. Қажып кеттік", – деді қала тұрғыны Марина Баранцева.

"Сүріледі деп құжат жинап едік. Бірақ әкімдік күнде ертең дейді. Сөздің шыны керек, жөндеуге реті жоқ, бәрі құлап жатыр", – деді қала тұрғыны Ерболат Құдаров.

Жергілікті әкімдік аталған жағдаймен таныс. Мамандар расымен үйдің апатты деп танылғанын және сүрілуі тиіс екенін айтады. Сөздерінше, қазір тұрғындарға өтемақы төлеу немесе жаңа үй салу мәселесі қарастырылып жатыр.

"Бұл үй бойынша пәтерлерді бағалауға бюджетке өтінім беріп қойдық. Алдағы уақытта қаражат бөлінгеннен кейін реновациялық тәртіппен сатып алу немесе басқа да жұмыстар жүргізіледі", – деді Ақтөбе қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі Әсима Омарова.

Ал тұрғындар бұл процесс ұзаққа созылып кетпеуін қаладайды. Себебі күн өткен сайын апатты үйде тұру қауіпті.

"Бәрі құлап жатыр": Ақтөбеде тұрғындар 75 жылдан астам уақыт бұрын салынған үйде жан бағып отыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.