jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Түркістан облысында 70-ке таяған кейуана ұзатылып, жұбайлар ауылды лимузинмен аралады (видео)

Ұзату
Ұзату. Кадр: "КТК" арнасы

Түркістан облысында 70-ке таяған кейуана ұзатылды. Ерекше той Сарыағаш ауданындағы Мәдениет ауылында ұйымдастырылды. Зейнеткер апаны туыс келіндері екі жағынан сүйемелдеп шығарып салған, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Қалыңдықтың киімін киген әжейді ақ матаның үстімен қос жағынан сүйемелдеген келіндері лимузинге дейін жеткізді. Осылайша 69 жастағы қалыңдық пен 74 жастағы күйеу жігіт ауыл арасын лимузинмен аралаған.

50 жыл бұрын Боранкүл апаны күйеуі Сапарғани алып қашқан екен. Жарты ғасырдан соң алтын тойда ерлі-зайыпты қыз ұзату рәсімін жасаған. Боранкүл әжей туған інісінің үйінен ұзатылған.

Ал мерекені ата мен әжейдің балалары, келіндері мен немерелері ұйымдастырған.

Дереккөз: "КТК" арнасы

Түркістан облысында 70-ке таяған кейуана ұзатылып, жұбайлар ауылды лимузинмен аралады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.