Алдағы уақытта Ресейге кіру талаптары өзгереді: қазақстандықтар нені білуге тиіс
Жарияланған күні:
Бірінші шілдеден бастап Ресейге тек арнайы QR-код арқылы кіруге болады, деп хабарлайды "Хабар" арнасы.
Ресей Федерациясына баруды жоспарлап отырған отандастарымыз үшін шекарадан өту тәртібі өзгерді. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев осылай деп хабарлады. Ақпарынша, енді Ресейге жұмысқа немесе оқуға баратын Қазақстан азаматтарына ruID мобильді қосымшасын пайдалану қажет.
Белгіленген тәртіп бойынша шетел азаматтары қосымшада жеке профиль ашып, шекарадан өту туралы электронды өтініш беруге тиіс.
"Белгіленген тәртіпке сәйкес шетел азаматы аталған қосымшада жеке профиль құрып, Ресе Федерациясына кіру туралы өтінішті мемлекеттік шекараның жоспарланған күнінен кемінде 72 сағат бұрын тапсыруы қажет. Өтініш қаралғаннан кейін қосымшада кіру құқығын растайтын жеке QR код қалыптастырылады. Аталған код өтініш берілген сәттен бастап 90 күн бойы жарамды", - дейді Қазақстан Сыртқы Істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2378997-aldagy-uaqytta-reseige-kiru-talaptary-ozgeredi-qazaqstandyqtar-neni-biluge-tiis/