"Өзендердің тасуы және су басу қаупі": ТЖД алматылықтарға ескерту жасады
Жарияланған күні:
21 мамырда Алматыда қатты жауын жаууы мүмкін. Салдарынан өзендер тасып, жекелеген аумақтарды су басуы мүмкін, деп хабарлайды қалалық ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қазгидромет" РМК-ның 21 мамырдағы №5 дауылды ескертуі негізінде 22-24 мамыр аралығында болжанып отырған қатты жауын-шашынға байланысты Алматы қаласына іргелес таулы және тау бөктеріндегі аудандарда беткейлік ағын қалыптасып, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін екенін хабарлайды.
Соның салдарынан өзендердің тасуы және жекелеген аумақтарды су басуы мүмкін.
"Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Жеке тұрғын үй иелері нөсер кәріздерін және басқа да су ағызу- бұру жүйелерін жаңбыр суын өткізуге алдын ала дайындау қажет.
Туристер мен Алматы қаласының тұрғындары ауа райының қолайсыздығына байланысты алдағы күндері тауға шығудан бас тарту ұсынылады.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыздар", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2379366-ozenderding-tasuy-zhane-su-basu-qaupi-tzhd-almatylyqtarga-eskertu-zhasady/