jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Еліміздің мектептерінде қорытынды емтихан мерзімдері бекітілді

оқушы қыз
Оқушы қыз. Көрнекі фото: pexels.com

Еліміздің мектептерінде 2025–2026 оқу жылындағы қорытынды емтихан мерзімдері бекітілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен 2025–2026 оқу жылындағы қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі бекітілді.

  • 9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 2026 жылғы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.
  • 11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2026 жылғы 2 маусым мен 15 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша форматта өткізіледі.

Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 2026 жылғы 17–18 маусым аралығында өтеді.

Аттестат тапсыру іс-шарасы мектеп басшысының бұйрығы негізінде, ата-аналар комитетімен келісу арқылы мектеп ғимаратында өткізіледі.

Еліміздің мектептерінде қорытынды емтихан мерзімдері бекітілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.