Астана әуежайы жолаушыларға үндеу жасады
Жарияланған күні:
Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы өкілдері жолаушыларға 22 мамырда жоспарлы оқу-жаттығу өтетінін ескертіп, үндеу жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"22 мамырда сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы аумағында авиациялық оқиға кезіндегі іс-қимылдарды пысықтауға арналған жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі.
Оқу-жаттығу барысында әуежайдың авариялық-құтқару қызметі Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен, өрт сөндіру бөлімшелерімен, жедел-құтқару жасағымен, Апаттар медицинасы орталығымен, 103 қызметімен және әуе компанияларымен бірлескен әрекеттерді пысықтайды", - делінген хабарламада.
Әуежай өкілдері іс-шара кезінде әуежай аумағында арнайы техника мен жедел қызметтердің жұмысы ұйымдастырылуы мүмкін екенін ескертеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2379543-astana-auezhaiy-zholaushylarga-undeu-zhasady/