jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

"ЖайықТазаRiver": Оралда өзен жағалауы қоқыстан тазартылып, ағаштар отырғызылды

ЖайықТазаRiver
Фото: БҚО әкімдігі

Орал қаласындағы қалалық мәдениет және демалыс саябағында "Таза Қазақстан" идеологемасы аясында "ЖайықTazaRiver" экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау ісіне қоғам назарын аудару және белсенді азаматтық ұстанымды дәріптеу болды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы әкімдігі.

Экологиялық акцияға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Ермекұлы Меңдіғалиев қатысып, жастармен кездесу барысында қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде "Таза Қазақстан" бастамасы аясында қолға алынып жатқан жұмыстардың қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті.

ЖайықТазаRiver
Фото: БҚО әкімдігі

Шараға өңірдің белсенді және танымал жастары қатысып, ашық форматта пікір алмасты. Кездесу барысында экологиялық бастамаларды дамыту, жастардың қоғамдағы рөлі, волонтерлік қызметті кеңейту және жасыл ойлау мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар табиғатты қорғау тек мемлекеттік деңгейдегі міндет емес, әр азаматтың жеке жауапкершілігі екенін ерекше атап өтті.

ЖайықТазаRiver
Фото: БҚО әкімдігі

Акция аясында жастар Жайық өзені бойымен кеме арқылы жүзіп өтіп, жағалауларды қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылып, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған нақты іс-шаралар жүзеге асырылды. Жағалау аумағында еркін форматтағы басқосу өтіп, қатысушылар қоршаған ортаны қорғауға қатысты өз ұсыныстары мен ой-пікірлерін ортаға салды.

БҚО әкімінің орынбасары Қайыржан Ермекұлы Меңдіғалиев өз сөзінде:

"Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – жастарға "Таза Қазақстан" идеясын кеңінен түсіндіру және олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Экологиялық мәдениет – ел болашағының сапасын айқындайтын маңызды факторлардың бірі. Осы бағыттағы жастар бастамаларын қолдау – біздің басты міндетіміз. Жыл басынан бері "Таза Қазақстан" акциясы аясында "Өзіңнен баста" челленджі қолға алынды. Челлендждің негізгі мақсаты – табиғатты, қоршаған ортаны қорғау әрқайсымыздың өзімізден басталатынын түсіндіру", – деді.

ЖайықТазаRiver
Фото: БҚО әкімдігі

Кездесу барысында жастар спикерлерге сұрақтар қойып, экологиялық волонтерлік қозғалысты дамыту, жастар жобаларын қолдау және қоғамдағы экологиялық жауапкершілікті арттыру мәселелері бойынша өз ұсыныстарын білдірді. "ЖайықTazaRiver" акциясы жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, өңірдегі экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың біріне айналды.

ЖайықТазаRiver
Фото: БҚО әкімдігі

"ЖайықТазаRiver": Оралда өзен жағалауы қоқыстан тазартылып, ағаштар отырғызылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.