Қордайда 42 жастағы азамат өмірінде алғаш рет жеке куәлік алды
Жарияланған күні:
Қордай ауданында 42 жастағы тұрғын алғаш рет жеке куәлік алды. Полиция бөлімінің көші-қон қызметі қызметкерлері 1984 жылы туған тұрғынның құқықтық мәртебесін анықтап, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алуына көмек көрсеткен, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Телеарна дерегінше, тұрғын өмір бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген. Құжаттары мен тұрақты тұрғылықты мекенжайының болмауына байланысты ұзақ жылдар бойы қиын әлеуметтік жағдайда өмір сүріп, азаматтық құқықтарын толық пайдалана алмаған.
Тұрғын Қордай ауданына көшіп келген соң шалғай таулы аймағында малшы болып жұмыс істеген.
"Полиция қызметкерлері алдымен оның жеке басын анықтап, қажетті мәліметтерді қалпына келтіру, құжаттарын рәсімдеу, архивтік мәліметтерді жинап, жеке деректерін тексере отырып тиісті сұраныстар жолдау жұмыстарын ұйымдастырып, құжаттардың толық топтамасын дайындады. Барлық кезеңде азаматқа кеңестік және практикалық көмек көрсетілді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2026 жылғы 20 мамырда Самат Жанеков алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алды.
Ол Қордай АПБ басшылығы мен қызметкерлеріне, "Аяла" отбасын қолдау орталығына алғысын білдіріп, көрсетілген көмек оның өміріндегі жаңа кезеңнің басталуына үлкен себеп болғанын айтты", - деп хабарлады телеарна тілшісі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2379888-qordaida-42-zhastagy-azamat-omirinde-algash-ret-zheke-kualik-aldy/