jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қазақстанда 14 жасқа толған оқушылар Enbek.kz порталы арқылы жұмысқа тұра алады

Жасөспірім
Курьер қызметіндегі жасөспірім. Көрнекі фото: pixabay.com

Жаз мезгілінде 14 жасқа толған оқушылар жұмыс істей алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері жасөспірімдерге қалай жұмыс табуға болатынын түсіндірді. Бұл туралы "Қазақстан" телеарнасы хабарлады.

Enbek.kz порталынан "Менің жазғы каникулым" бөлімі арқылы оқушыларға арналған бос жұмыс орындарын таба алады. Оларға театр, кино, цирк сияқты шығармашылық салаларда жұмыс ұсынылады. Сондай-ақ сауда, тамақтану және SMM, маркетинг секілді digital бағыттары бар.

Айта кететін жайт, кәмелет жасына толмағандар тек жеңіл жұмыспен қамтылады. Материалдық жауапкершілік жүктелетін қызметтерге қабылдауға болмайды.

Заң бойынша 14-16 жас аралығындағы балалар аптасына 24 сағат жұмыс істей алады. Яғни күніне 4,5 сағаттан аспауы керек. Ал 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің аптасына 36 сағат жұмыс істеуіне рұқсат.

Сондай-ақ 14 жаста еңбек шартына жасөспірімнің өзі ғана емес, ата-анасы да қол қоюы міндетті. 15 жаста негізгі орта білім алған жасөспірімдер ресми жұмыс істей алады. 16 жастан бастап еңбек шартын өзінің жасауына құқық беріледі. Жалақы 85 мың мен 127 мың теңге көлемінде болуға тиіс.

Министрлік жұмыс іздегенде сақ болуға шақырады. Еңбек шарты міндетті түрде жасалғанын талап етеді. Өйткені шарт жүйеде тіркелсе, жасөспірімнің еңбек өтілі ресми есептеліп, құқығы заңмен қорғалады.

Қазақстанда 14 жасқа толған оқушылар Enbek.kz порталы арқылы жұмысқа тұра алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.