jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Нұрай Серікбайдың өлімі: күдікті Талғардағы медициналық орталықтан Шымкентке қайта ауыстырылды

Нұрай Серікбай
Нұрай Серікбай. Видеодан кадр: otyrar.kz

Шымкенттік бойжеткен Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс алты ай бойы тергеліп жатыр. Бұл туралы зардап шегуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды "Жетінші арна".

Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты тергеу созылып кетті. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді. Тергеу 6 айға созылғанымен, Нұрайдың ұялы телефоны әлі ашылмаған. Күдіктіге қатысты психологиялық-психиатриялық сараптама аяқталған. Шерхан Аймахан Талғардағы медициналық орталықтан Шымкентке қайта ауыстырылды. Қазір күдікті қамауда.

Айта кетейік, марқұмның туыстары, негізгі күдіктімен қатар, оның жақындарын да жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр. Қазір некеге мәжбүрлеу бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Егер туыстарының да алып қашуға қатысы бары анықталса, олар 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Іс алтыншы ай тергеліп жатыр. Көңіліміз 100 пайыз толады деп айта алмаймын. Нұрайдың ұялы телефонына тағайындалған сараптама әлі дайын емес, қандай сарапатма берілді, онымен бізді таныстырған жоқ. Менің пікірімше, істің созбалаңға салынуының бірден-бір себебі осы болуы мүмкін және Нұрайдың туыстарының талап етуі бойынша күдіктінің туған-туысын некеге тұруға мәжбүрлеу бабымен адамдар тобымен әрекет етті және күдіктіге көмектесті деген қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтау бойынша да тергеу созылып жатыр", - дейді адвокат Аянхан Омаров.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қаңтарда кешке Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйдің маңынан жас қыздың мәйіті табылған еді. Марқұмның денесінде пышақ жарақаттары болған.

13 қаңтарда күдіктінің Шымкенттен 10 шақырым жерде ұсталғаны белгілі болды.

Сонымен қатар полиция оның сот санкциясымен қамауға алынғанын мәлім етті.

Қоғамда резонанс тудырған оқиғадан кейін Шымкент ПД бастығы Нұрлан Алмасбеков, оның бірінші орынбасары және бірқатар қызметкер қызметінен босатылды.

Биыл сәуірде күдіктінің мәжбүрлі емдеуге жіберілгені хабарланды.

Сенат кулуарында ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойныша сараптама қорытындысы шыққанын мәлімдеді. Қорытынды нәтижесіне сай, оның ақыл-есі дұрыс екені анықталған.

Нұрай Серікбайдың өлімі: күдікті Талғардағы медициналық орталықтан Шымкентке қайта ауыстырылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.