jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Түркістанда Әзербайжан туын жерден көтеріп, құрмет көрсеткен оқушыны полиция бастығы арнайы шақырды (видео)

Әзербайжан туын жерден көтеріп алған түркістандық оқушы
Әзербайжан туын жерден көтеріп алған түркістандық оқушы. Кадр видеодан: polisia.kz

Түркістан қаласында жел ұшырып құлатқан Әзербайжан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп, құрметпен орнына қойған 11-сынып оқушысы Нұрсұлтан Базарбайұлын Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы арнайы қабылдады, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ ресми медиа басылымының жазуынша, кездесу барысында ПД бастығы Арыстанғани Заппаров жасөспірімнің азаматтық ұстанымы мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметін жоғары бағалап, мұндай әрекет өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен мәдениетінің айқын көрінісі екенін атап өткен.

Түркістандық Нұрсұлтан Базарбаев
Түркістандық Нұрсұлтан Базарбаев: polisia.kz

Сондай-ақ ол Нұрсұлтанға рухани құндылықтарды насихаттайтын жазушы Шерхан Мұртазаның кітабын сыйға тартты. Арыстанғани Заппаров оқушыға алдағы оқуына сәттілік тілеп, оның елге қызмет ететін білімді әрі саналы азамат болып қалыптасатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, Түркістан қаласында жел ұшырып құлатқан Әзербайжан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп, құрметпен орнына қойған оқушының видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, қоғам тарапынан оң бағасын алған болатын. Оқушының бұл әрекеті Қазақстанмен қатар Әзербайжан жұртшылығының да ықыласына ие болып, екі ел арасындағы достық пен өзара сыйластықтың жарқын үлгісі ретінде бағаланған.

Түркістанда Әзербайжан туын жерден көтеріп, құрмет көрсеткен оқушыны полиция бастығы арнайы шақырды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.