Астана аспанында әскери авиация жаттығу өткізеді
Жарияланған күні:
Астанада 24 мамырдан бастап әскери авиацияның жаттығу ұшулары басталады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жаттығулар 2026 жылғы 28 мамырда елорда аспанында өтетін жойғыш ұшақтардың көрсетілімдік ұшуы аясындағы дайындық шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Іс-шара Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің жоспарына сәйкес өткізіледі.
"Жойғыш ұшақтардың ұшуы мен жаттығу шаралары қауіпсіз биіктікте жүзеге асырылады және қала тұрғындарының қалыпты өмір ырғағына кедергі келтірмейді", – делінген ведомство мәлімдемесінде.
Министрлік Астана тұрғындары мен қонақтарынан жаттығу және көрсетілімдік ұшу кезінде болуы мүмкін қысқа мерзімді шуға түсіністікпен қарауды сұрады.
Қорғаныс министрлігінде барлық ұшу қауіпсіздік талаптарына қатаң сай ұйымдастырылатынын және халыққа ешқандай қауіп төндірмейтінін атап өтті.
Сондай-ақ ведомство түрлі түсті түтіндердің тек көрсетілім мақсатында қолданылатынын және қоршаған ортаға зиян келтірмейтінін мәлімдеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2379960-astana-aspanynda-askeri-aviatsiia-zhattygu-otkizedi/