jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Мейрамбек Бесбаев "Парасат" орденімен марапатталды

Мейрамбек Бесбаев
Мейрамбек Бесбаев. Фото: Instagram / m_besbaev

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сала өкілдерін Мемлекет басшысының атынан құттықтап, 60 пәтер мен 13 мемлекеттік награда табыстады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету шарасы театр, филармония, музей, кітапхана, архив, білім беру ұйымдары және мәдениет саласының өзге де мекемелерінде еңбек етіп жүрген қызметкерлерді қамтыды. Олардың қатарында артистер, оқытушылар, музыканттар, архив қызметкерлері, кітапханашылар және техникалық мамандар бар.

Сондай-ақ мәдениет және өнер қайраткерлеріне отандық мәдениетті, әдебиетті, музыканы, театр және хореография өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтар табысталды.

Белгілі әнші Мейрамбек Беспаев жоғары мемлекеттік марапат — "Парасат" орденімен наградталды.

Соңғы жылдары Қазақстанда мәдени инфрақұрылым қарқынды дамып келеді. Соңғы бес жылда елімізде 150-ден астам мәдениет нысаны ашылып, тағы 64 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Мейрамбек Бесбаев "Парасат" орденімен марапатталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.