jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қазақстандық Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Айбота Ертайқызы
Айбота Ертайқызы. Фото: Olympic.kz

Көркем гимнастикадан Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір медаль жеңіп алды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды.

Бүгін, 25 мамырда жекелей көпсайыстың финалы өтті. Қазақстан намысын Айбота Ертайқызы мен Ақмарал Ерекешева қорғады.

Жарыс қорытындысы бойынша Айбота Ертайқызы 113,65 ұпай жинап, күміс медаль иеленді. Ал Ақмарал Ерекешева 111,90 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтады.

Алтын медаль Өзбекстан өкілі Тахмина Икромоваға бұйырды - 115,10 ұпай. Қола жүлдені оның отандасы Наталья Усова жеңіп алды - 112,40.

Айта кетейік, бүгін топтық көпсайыстың финалы да өтеді.

Еске сала кетсек, бір күн бұрын Қазақстан құрамасы командалық көпсайыста күміс жүлдеге ие болған еді.

Қазақстандық Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.