jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

26 мамырда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жаңбыр
Жаңбыр. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 26 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында, төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының тау бөктерінде, таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың тау бөктерінде, таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 26 мамырда күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Шымкентте күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Жамбыл облысының тауыл аудандарда, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Абай облысының шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында күтіледі, облыстың орталығында, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт каупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда жоғары өрт каупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Көкшетауда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

26 мамырда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.