jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"9 ай үнсіз болдық": істі болған Жанабіловтер желіде оқырмандарын қуантты (видео)

Ерболат пен Эльмира Жанәбіловтер
Ерболат пен Эльмира Жанәбіловтер. Фото: instagram.com/zhanabylov_e

Белгілі блогерлер, еолі-зайыпты Ерболат пен Элмира Жанабіловтер ұзаққа созылған сот процесінен соң алғаш рет әлеуметтік желіден бой көрсетті. Олар отбасылық видео жариялап, оқырмандарына сәлем жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"9 ай үнсіз болдық. 4 ай әлеуметтік желіде болмадық. Осы уақыт ішінде көп нәрсе өтті: соттар, уайым, отбасымызбен бірге қиын кезеңнен өттік. Бірақ бүгін қайта оралып отырмыз. Жаңа күшпен, жаңа оймен.

Осы уақыт бойы бізге жазған, күткен, қолдау көрсеткен жандардың бәріне үлкен рахмет. Сіздердің қолдауларыңыз бізге күш берді.

Бізбен бірге болғандарыңызға рахмет", - деп жазды олар.

Олар, сондай-ақ отбасындағы қуаныш пен шаттықты көрсету үшін арнайы видео жариялады. Онда блогерлер жақындарының арасында дастархан жасап, туғандарымен уақыт өткізіп жатқан сәттер бейнеленген. Ал видеоны көрген оқырмандар болса, ерлі-зайыпты мен оның отбасына ерекше қарсы алды.

"Оралуларыңмен!", "Сол аралықта жақын адамдай болып кеттіңдер", "Барлық ауыртпалық сонымен кетсін енді", "Алла жар болсын! Бала-шағаның несібесі", "Бастысы адам өлтірмеді, зорламады! Сынақты көтере алатын құлына ғана береді Аллам. Біз сүрінуге де хақымыз бар, себебі сүрінбейтін мықтылардың мықтысы тек Алла ғой. Құдай қаласа бәрі өтеді де кетеді. Ешкімнің алдына ешкім түсіп көрмеді, талқылаудан аулақ болған дұрыс, басқа жолмен сіздің басыңызға түспеске кім кепіл?!", - деп жазды олар.

"9 ай үнсіз болдық": істі болған Жанабіловтер желіде оқырмандарын қуантты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.