Жетісуда жоғалған 7 жасар баланың денесі Қаратал өзенінен табылды
Жарияланған күні:
25 мамырда жоғалып кеткен 7 жасар бала Қаратал өзенінен табылды. Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаменті хабарлады.
"26 мамыр күні таңғы сағат 05:00 шамасында Қаратал өзенінде жүргізілген ауқымды іздестіру жұмыстары барысында бұрын хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған баланың денесі табылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Қаза болған баланың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Талдықорғанда дамуында ерекшелігі бар бала жоғалып кеткенін жазған едік. Еріктілер, құтқарушылар мен құқық қорғау органы өкілдері баланы түні бойы іздестірген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2380863-zhetisuda-zhogalgan-7-zhasar-balanyng-denesi-qaratal-ozeninen-tabyldy/