jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Жаңа оқу жылына 90 мыңға жуық мемлекеттік грант бөлінеді: қай мамандықтарға түсу оңай

лекция жазып отырған қыз
Студент. Көрнекі фото: pixabay.com

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026-2027 оқу жылына еліміздің жоғары оқу орындарына бөлінген грант санын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр Саясат Нұрбектің сөзінше, биыл жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі алдыңғы оқу жылдарының деңгейінде сақталып отыр.

Ол алдағы 2026-2027-ші оқу жылына 89 457 мемлекеттік грант бөлінгенін атап өтті. Олардың ішінде:

  • бакалавриатқа – 75 371;
  • магистратураға – 11 007;
  • докторантураға – 3 079.

Мемлекеттік тапсырысты бөлу ел экономикасының 2030 жылға дейінгі қажеттілік болжамымен сәйкестендірілген.

"Гранттардың 60 пайызы инженерлік-техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтарына, 21 пайызы педагог кадрларды даярлауға бағытталған", - деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Ведомство мәліметінше, инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына 19 250;

педагогикалық ғылымдарға – 13 738;

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша – 11 662;

жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға – 9 363;

ауыл шаруашылығы және биоресурстарға – 3 145;

денсаулық сақтау саласына – 2 700;

қызметтер бойынша – 2 400;

өнер және гуманитарлық ғылымдарға – 1 915;

әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бойынша – 1 485;

бизнес, басқару және құқыққа – 1 423;

ветеринарияға – 1 275 грант бөлінген.

Оған қосымша еліміздің жоғары оқу орындары "Серпін" бағдарламасы аясында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде. Іс-шаралармен 13 мыңнан астам оқушы, 2 мыңға жуық ата-ана және 700-ден астам кәсіптік бағдар беруші қамтылған.

Жаңа оқу жылына 90 мыңға жуық мемлекеттік грант бөлінеді: қай мамандықтарға түсу оңай

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.