jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстан мектептерінде ТЖБ мен БЖБ-ның орнына басқа бағалау жүйесі енгізілуі мүмкін

Оқушы
Оқушы. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Үкімет брифингінде оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова еліміздің мектептері ТЖБ мен БЖБ-дан бас тартуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқу-ағарту министрі бұрынғы бақылау жұмыстары, диктант қайтарылатынын айтты

"Оқу-ағарту министрлігі ТЖБ және БЖБ бойынша кең ауқымды талдау жұмыстарын жүргізіп жатыр, себебі бұл білім беру стандарттарында белгіленген, критерийлерге негізделген бағалау. Қазір біз бөлек бағалауларды енгізіп жатырмыз – диктант, шығарма жазу, мазмұндамалар. Сондықтан біз ТЖБ-дан біртіндеп бас тартуды ойластырып жатырмыз", - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министрдің айтуынша, одан бас тарту үшін нақты себеп керек. Сол үшін 1-ден 11-ге дейінгі сыныптарға талдау жүргізілді.

"Оқушылардың тапсырмалары мен жауаптарын қарастырдық. Әрине кейбір жүйелер ТЖБ, БЖБ жауаптарын жүктемейді. Тамыз конференциясында қай сыныптар үшін бұл бағалау қалатынын, ал кімдерге ауыстыратынымызды нақты айтамыз", - деді министр.

Қазақстан мектептерінде ТЖБ мен БЖБ-ның орнына басқа бағалау жүйесі енгізілуі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.