jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Бірінші сыныпқа қабылдау: қазақстандықтар жаңа платформа арқылы өтініш бере алады (видео)

Оқушы
Оқушы. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстанда бірінші сыныпқа өтініштер жаңа OQU білім беру платформасы арқылы қабылданатын болады. Ата-аналар 27 мамырдан бастап құжаттарды онлайн режимде кезең-кезеңімен тапсыра алады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ eGov сайтына сілтеме жасап.

2026 жылы 1-сыныпқа өтініш қабылдау OQU Ұлттық білім беру платформасы – oqu.edu.kz арқылы жүзеге асырылады. Жаңа платформада пайдаланушылар өтініш беріп, мектепті таңдап, қызмет көрсету үдерісін қадағалай алады.

Азаматтарға қолайлы болу үшін сервис eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасының басты беттеріне жарияланды. Қызметті алу үшін пайдаланушы oqu.edu.kz платформасына өтіп, бейненұсқаулыққа сәйкес eGov порталы немесе eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы авторизациядан өтуі қажет.

Өтініштерді қабылдау аймақтар бойынша кезең-кезеңімен 27 мамырдан басталып, 2026 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады. Бірінші сыныпқа биыл 1 қыркүйекке дейін 6 жасқа толған балалар, сондай-ақ ата-анасының өтініші бойынша күнтізбелік жылдың соңына дейін 6 жасқа толатын балалар қабылданады.

Аймақтар бойынша 1-сыныпқа құжат қабылдау кестесі:

  • 27 мамыр – 31 тамыз: Астана қаласы, Абай облысы, Жетісу облысы, Қызылорда облысы, Батыс Қазақстан облысы;
  • 10 маусым – 31 тамыз: Алматы қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы;
  • 18 маусым – 31 тамыз: Алматы облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы, Шымкент қаласы;
  • 29 маусым – 31 тамыз: Түркістан облысы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы.
Бірінші сыныпқа қабылдау: қазақстандықтар жаңа платформа арқылы өтініш бере алады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.