jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Жарық, газ бен су өшіріледі": полицейлер тұрғындарды жалған хабарламалардан сақ болуға шақырды

Су
Краннан аққан су. Көрнекі сурет: pixabay.com

Абай облысы полиция департаменті өкілдері тұрғындарды жалған хабарламалардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомство хабарламасына сілтеме жасап.

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, соңғы уақытта интернет алаяқтары азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін қолданып жүр. Олар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы коммуналдық қызметтер атынан жалған хабарламалар жіберуде.

Алаяқтар өзін газ, жарық, су немесе басқа да коммуналдық мекеменің бақылаушы қызметкері ретінде таныстырады. Олар азаматтарға:

  • коммуналдық төлемнің төленбей қалғанын;
  • қарыз бар екенін;
  • шот уақытында жабылмаса жарық, газ немесе судың өшірілетінін хабарлайды.

Одан кейін қорқытып, тез арада ақша аударуды талап етеді. Ең қауіптісі – төлемді ресми мекеменің есепшотына емес, жеке тұлғаның банктік картасына немесе телефон нөміріне жіберуді сұрайды.

"Коммуналдық мекемелер ешқашан жеке шотқа ақша аударуды талап етпейді. Алаяқтардың негізгі мақсаты – сізді асықтырып, қорқытып, ойлануға мүмкіндік бермей ақша аудартқызу", - дейді департамент өкілдері.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін:

  • күмәнді хабарламаларға сенбеңіз;
  • бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз;
  • төлем туралы ақпаратты тек ресми қосымшалар мен коммуналдық мекемелер арқылы тексеріңіз;
  • жеке деректеріңізді, банк картасының нөмірін, SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыз;
  • күмәнді аккаунттарды бұғаттап, полицияға хабарлаңыз.

Егер сіз осындай алаяқтыққа тап болсаңыз немесе күмәнді хабарлама алсаңыз, бірден "102" арнасына хабар беріңіз.

"Жарық, газ бен су өшіріледі": полицейлер тұрғындарды жалған хабарламалардан сақ болуға шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.