Жаңаөзенде мектеп бітіргеніне 20 жыл болған түлектер сыныптасына баспана сыйлады (видео)
Жарияланған күні:
Маңғыстау облысында мектеп бітіргендеріне биыл 20 жыл болған түлектер сыныптасына ерекше сый жасады. Олар жалғыз өзі екі баланы тәрбиелеп отырған сыныптасына баспана сыйлаған, деп хабарлайды Маңғыстау облысының "Қоғамдық коммуникация орталығына" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылындағы №14 жалпы білім беретін мектептің 2006 жылғы түлектері мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай ерекше қайырымдылық шарасын ұйымдастырған.
25 мамыр күні өткен салтанатты кездесуде түлектер сыныптасы Қарлығаш Аяповаға толық жабдықталған баспананың кілтін табыстаған.
"Қарлығаш Аяпова – екі бала тәрбиелеп отырған, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар бала бағып отырған жалғызбасты ана.
Осы уақытқа дейін жеке баспанасыз жүрген отбасы үшін бұл сый үлкен қолдау мен шынайы қамқорлықтың айқын көрінісі болды.
Түлектер игі іске жұмыла атсалысып, ауызбіршілік пен достықтың, адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті", - делінген хабарламада.
Көпшілік түлектердің бұл бастамасына жоғары бағасын берген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2381940-zhangaozende-mektep-bitirgenine-20-zhyl-bolgan-tulekter-synyptasyna-erekshe-syi-zhasady-video/