jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Ақтөбеліктер Қала күнін жарқын көңіл күйде әрі ерекше ықыласпен тойлады

Ақтөбеліктер Қала күнін тойлады
Ақтөбеліктер Қала күнін тойлады. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

28 мамырда Ақтөбе өзінің 157 жылдығын атап өтті. "Қазақ халқына мың алғыс" стеласы маңында өткен мерекелік концертке облыс орталығының мыңдаған тұрғыны мен қонағы жиналды. Кеш бастала салысымен қалада жаңбыр жауғанымен, бұл ақтөбеліктердің мерекелік көңілін түсіре алмады. Жұрт қолшатырларын аша салып, алаңнан тарқамай, концерттік бағдарламаны тамашалауды жалғастырды, деп хабарлайды Ақтөбе қаласының әкімдігі.

Сахна төрінен махаббат, туған өлке мен Ақтөбе туралы әсем әндер шырқалды. Көрермендер әншілерге қосылып ән айтып, телефонға түсіріп, әрбір орындаушыны ыстық ықыласпен, зор қошеметпен қарсы алды.

Ақтөбеліктер Қала күнін тойлады
Ақтөбеліктер Қала күнін тойлады. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Іс-шараға облыс әкімі Асхат Шахаров та қатысты. Ол қала тұрғындарымен бірге басты алаңда болып, туған Ақтөбенің мерекелік атмосферасын бірге сезінді.

Кеш бағдарламасын жүргізушілер Айбат, Рахат және Лунара ашып, тұрғындарды сүйікті қаланың туған күнімен құттықтады. Одан кейін көрермен назарына Ақтөбенің тарихы, елге еңбегі сіңген тұлғалары мен туған жердің даңқын асқақтатқан азаматтары туралы арнайы фильм ұсынылды.

Ақтөбеліктер Қала күнін тойлады
Ақтөбеліктер Қала күнін тойлады. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Концерттік бағдарлама жас эстрада әншілерінің өнеріне ұласты. Сахнаға "Ақтөбе дауысы – 2026" қалалық байқауының жеңімпаздары шығып, шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар әсерлі музыкалық нөмірлерін ұсынды.

Көрермендер "Тамсан" тобының "Ақтөбем" әнін, Қуанышбек Қайратұлының "Түнгі қала" композициясын, Сабина Панабаеваның "Ғашық болу" әнін, Ақбота Қоянбайқызының "Сенің жанында" шығармасын және өзге де өнерпаздардың өнерін зор ықыласпен қабылдады. Әрбір орындаушы көрерменнің ыстық қошеметіне бөленді.

Ақтөбеліктер Қала күнін тойлады
Алматыда "Музей түні" өтеді. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Көрермендер қазақстандық эстраданың танымал жұлдыздары – Bayansulu, Еркеш Хасен, Qanay, Қазыбек Құрайыш, Ерке Есмахан және RaiM өнер көрсеткен сәтте әсерге бөленді. Сахнадан әншілердің көпшілік сүйіп тыңдайтын хит әндері мен танымал композициялары орындалды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, ақтөбеліктер концерт соңына дейін алаңнан кетпей, би билеп, әнге қосылып, мерекенің жарқын сәттерін естелікке түсіріп жатты.

Ақтөбеліктер Қала күнін тойлады
Ақтөбеліктер Қала күнін тойлады. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Ал мерекелік отшашу кештің жарқын қорытындысы болып, Ақтөбе аспанын әсемдей түсті.

Ақтөбеліктер Қала күнін жарқын көңіл күйде әрі ерекше ықыласпен тойлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.