jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Шымкенттік жас түлек әлемнің 118 университетінен оқуға шақырту алды

Жанерке Жүнісәлі
Жанерке Жүнісәлі. Фото: instagram.com/shymkent_akimdigi

Шымкенттік жас түлек Жанерке Жүнісәлі халықаралық деңгейде айрықша жетістікке қол жеткізді. Ол әлемнің 118 университетінен оқуға шақырту алған, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шымкент әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Жанерке Жүнісәлі өзінің жоғары академиялық көрсеткіштері мен терең білімінің нәтижесінде әлемнің 118 беделді жоғары оқу орнынан ресми шақырту алып, рекордтық нәтиже көрсеткен.

Екі жыл тыңғылықты дайындалған ол IELTS сынағынан 6.5 балл жинаған.

Жанеркеге АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Италия, Испания, Түркия, Малайзия, БАӘ және Оңтүстік Корея секілді мемлекеттердің жетекші университеттері гранттар мен арнайы шәкіртақылар ұсынған.

Қазіргі таңда Жанерке Малайзия университеттері тарапынан түскен ұсыныстарды белсенді қарастырып, өзінің болашақ кәсіби бағытын осы елдегі оқу орындарының бірімен байланыстыруды жоспарлап отыр.

Шымкенттік жас түлек әлемнің 118 университетінен оқуға шақырту алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.