jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Астанада 1-сыныпқа үшем қабылданды

Үшем
Күнтуған, Айтуған және Нұртуған. Фото: Астана әкімдігі

Астанада 27 мамырдан бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау науқаны басталды. Осы орайда елордадағы мектептердің біріне үшем құжат тапсырған, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, бір үйдің ұлдары – Күнтуған, Айтуған және Нұртуған Бақыт жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа барады.

Балалар Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде қазақ тілінде білім алады.

"Құлыншақтарымыздың қадамдары құтты болып, білім жолында биік белестерді бағындырсын. Елін сүйетін, тәрбиелі әрі білімді азамат болып өссе екен дейміз", - дейді олардың ата-анасы.

Айта кетейік, Астана қаласы бойынша бірінші сыныпқа құжат 27 мамыр-31 тамыз аралығында қабылданады.

Астанада 1-сыныпқа үшем қабылданды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.