jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Топтан қалып қойған": Алматыда тауға шығып, адасып қалған ирандық студент табылды

студентті іздеу жұмыстары
Студентті іздеу жұмыстары. Видеодан кадр: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Құтқарушылар Алматыда тауларында адасып қалған шетелдік студентті аман-есен тапты, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Алматының Бостандық ауданындағы Көкжайлау шатқалы маңында таудан түсіп келе жатқан туристердің бірі топтан қалып қойып, байланысқа шығуын тоқтатқан.

Өтініш берушілердің хабарлауынша, оның ұялы телефоны байланыс аймағынан тыс жерде болған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары жедел түрде аттанған.

"Оқиға орнына жеткеннен кейін құтқарушылар таулы аумақты тексеруге кірісті. Іздестіру жұмыстары түнгі уақытта, көріну мүмкіндігі шектеулі жағдайда жүргізілді.

Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде Көкжайлау шатқалынан төмен орналасқан аумақта туристік топтан қалып қойған Иран азаматы, студент табылды. Жас жігіт тау беткейінде ұйықтап жатқан", - делінген хабарламада.

Студентке медициналық көмек қажет болмаған. Құтқарушылар оны қауіпсіз жерге жеткізіп, таудан аман-есен түсірген.

"Топтан қалып қойған": Алматыда тауға шығып, адасып қалған ирандық студент табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.