jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Еліміздің әр өңірінен келген 100 оқушы Ақорданы аралап, президенттің атынан естелік сыйлық алды (фото)

оқушылар
Ақордаға қонаққа келген оқушылар. Фото: Ақорда

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент резиденциясы барлық облыстан келген 100 оқушыға есігін айқара ашты, деп хабарлайды Ақорда.

️Ақордада пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулардың және спорт сайыстарының лауреаттары қонақ болды.

️Кішкентай меймандарға ғимарат құрылысының тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері туралы сыр шертетін қызықты экскурсия ұйымдастырылды.

️Оқушылар ресми қабылдау өтетін залдармен, мемлекет басшысының кітапханасымен танысып, резиденция аумағындағы бақта серуендеді.

️Жеткіншектер Қазақстан тарихы туралы жан-жақты мәлімет алып, Тәуелсіздік құндылықтарының маңызына бойлады.

️Экскурсия соңында балаларға президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Еліміздің әр өңірінен келген 100 оқушы Ақорданы аралап, президенттің атынан естелік сыйлық алды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.