Маусымда Қазақстанның оннан аса облысында құрғақшылық күтіледі
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК маусымда қай өңірлерде құрғақшылық күтілетінін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
2026 жылғы маусым айына арналған алдын ала болжамға сәйкес атмосфералық құрғақшылық мына өңірлерде күтіледі:
- Қостанай облысында – Амангелді, Қарасу, Әулиекөл және Жангелдин аудандарында;
- Батыс Қазақстан облысында – Жаңақала ауданында;
- Қарағанды облысында – Шет ауданында;
- Ақмола облысында – Ерейментау және Аршалы аудандарында;
- Ақтөбе облысында – Шалқар және Ырғыз аудандарында;
- Атырау облысында – Құрманғазы және Махамбет аудандарында;
- Қарағанды облысында – Ақтоғай, Нұра және Шет аудандарында;
- Ұлытау облысында – Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының жекелеген елді мекендерінде;
- Алматы облысында – Жамбыл ауданында;
- Жетісу облысында – Алакөл ауданында;
- Жамбыл облысында – Талас ауданында;
- Қызылорда облысында – Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.
"Аталған аудандарда жергілікті құрғақшылықтың туындау ықтималдығы жоғары", - делінген хабарламада.
Қазақстанның қалған аумақтарында ылғалдану жағдайы осы ай үшін қалыпты деңгейге жақын болады деп күтіліп отыр
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2382900-mausymda-qazaqstannyng-onnan-asa-oblysynda-qurgaqshylyq-kutiledi/