Бүгін Қазақстанның үш мегаполисінде де жаңбыр күтіледі
Жарияланған күні:
2 маусымда Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріліп, түнде 21 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,2 м/с.
Астанада да өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 26 градусқа дейін көтеріліп, түнде 15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,9 м/с.
Шымкентте де бүгін өткінші жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз 33 градусқа дейін ыстық болса, түнде ауа температурасы 21 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,7 м/с.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2383134-bugin-qazaqstannyng-ush-megapolisinde-de-zhangbyr-kutiledi/