jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Павлодарлық оқытушы халықаралық беделді сыйлықтың иегері атанды

Гүлмира Мешітбаева
Гүлмира Мешітбаева. Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Павлодарлық оқытушы Гүлмира Мешітбаева халықаралық INSPIRATION AWARD сыйлығының иегері атанды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Павлодар облысындағы Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждің арнайы пәндер оқытушысы Гүлмира Мешітбаева халықаралық ETF New Learning Award 2026 кәсіби байқауында беделді INSPIRATION AWARD сыйлығын жеңіп алған.

ETF New Learning Award – білім беру саласындағы озық тәжірибелерді анықтауға және таратуға бағытталған халықаралық бастама. Байқау әлемнің әртүрлі елдерінен келген педагогтердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.

Гүлмира Мешітбаева байқауға "Бастауыш білім беру" мамандығы студенттерін даярлауда қолданылатын SCAFFOLD карталары бойынша тәжірибесін ұсынған. Бұл әдістеме студенттердің цифрлық технологияларды тиімді пайдалануына жол ашқан. Нәтижесінде олар бейнематериалдар мен түрлі деңгейдегі тапсырмаларды қамтитын білім беру жобалары мен сайттарын әзірлеген.

Жобалар бастауыш сынып оқушыларын оқытуда заманауи тәсілдерді қолдануға көмектеседі. Сондай-ақ педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетіп, ата-аналарға практикалық ұсынымдар ұсынады.

Халықаралық сарапшылар қазақстандық педагогтің тәжірибесін жоғары бағалаған. Нәтижесінде жұмыс "Scaffold құралдарын пайдалану арқылы мұғалімдердің мүмкіндіктерін кеңейту" номинациясында INSPIRATION AWARD сыйлығына лайық деп танылған.

Гүлмира Мешітбаеваға өз тәжірибесін Бельгияның Брюссель қаласында өтетін халықаралық конференцияда таныстыру мүмкіндігі берілген.

Павлодарлық оқытушы халықаралық беделді сыйлықтың иегері атанды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.