jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Махамбет ауданында жаңа жағалау пайдалануға берілді

Махамбет ауданында жаңа жағалау пайдалануға берілді
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Махамбет ауданында Жайық өзенінің жағасын бекіту жұмыстары аяқталып, жаңа жағалаудың салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жоба аясында ұзындығы 4,5 шақырым болатын жағалау аумағы абаттандырылды. Мұнда жаяу жүргіншілер жолы салынып, заманауи жарықтандыру жүйелері орнатылды. Сонымен қатар қауіпсіздік қоршаулары қойылып, балаларға арналған ойын алаңдары жабдықталды.

Салтанатты шараға аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев, "Павлодар Өзен Порты" АҚ басқарма төрағасы Қанат Батырханов және жергілікті тұрғындар қатысты.

Махамбет ауданында жаңа жағалау пайдалануға берілді
Фото: Атырау облысының әкімдігі

"Бұл – Махамбет ауданындағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Жаңа жағалау тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп қана қоймай, ауданның сәулеттік келбетін де айшықтай түседі", - деді аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев.

Жаңа қоғамдық кеңістік тұрғындардың серуендеуіне, демалуына және бос уақытын жайлы өткізуіне қолайлы орын ретінде пайдалануға берілді.

Махамбет ауданында жаңа жағалау пайдалануға берілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.