jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Маңғыстаулық депутаттың өлімі: жеке клиника тексерілді

Ербол Айтуов
Ербол Айтуов. Фото: gov.kz

Маңғыстау облысында марқұм болған Мәслихат депутаты Ербол Айтуовқа ота жасамақ болған клиникадан бірқатар өрескел кемшіліктер анықталды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бұл туралы өңірлік фармацевтиканы бақылау комитеті департаменті мәлімдеді. Марқұмның туыстарының өтініші негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеріске тәуелсіз пластикалық хирург, анестезиолог және реаниматолог сынды мамандар тартылған. Сараптама қорытындысы медициналық көмек көрсету стандарттарының сақталмағанын көрсетіпті.

Департамент басшысының айтуынша, тексеріс барысында клиниканың анестезиология және реанимация бейіні бойынша медициналық талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған.

Сондай-ақ марқұмды ота үстеліне жатқызып, наркоз салар алдында оның лабораториялық талдау анализдеріндегі ауытқу ескерілмеген. Яғни марқұм бұрын қант диабеті және артериалды гипертензия дертімен есепте тұрған. Тексеру кезінде пластикалық хирургия клиникасында арнайы жансақтау бөлімінің жоқ екені, сонымен бірге лицензия ережелерінің бұзылу дерегі де анықталды.

Аталған заңбұзушылықтарға байланысты клиникаға әкімшілік хаттама толтырылған. Қазір тексеру қорытындыларына құқықтық баға беру үшін облыстық полиция департаменті мен прокуратураға жолданды.

"Науқас жоспарлы хирургиялық отаға өзінің денсаулығына сәйкес, әлі дайын еместігі талдауларда көрсетіліп тұрған. Тексеріс барысында науқастың алдын ала тапсырылған барлық талдау анализі бар. Талдау анализдерінде бұл науқастың ағзасында денсаулығына сәйкес ауытқулар бар. Демек бұл науқастың жағдайын жақсартып барып, бейімді мамандарға көрсетіліп, анализдерінің бәрі жақсарғаннан кейін ғана стандартқа сәйкес, жоспарлы отаға алынады. Жалпы негізінде солай болуға тиіс", - дейді МО медицина және фармацевтиканы бақылау комитеті департаментінің басшысы Нұрсұлу Аманбекқызы.

Маңғыстаулық депутаттың өлімі: жеке клиника тексерілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.