"3 жасында көбейте бастаған": бастауыш бағдарламасын меңгеріп алған 4 жасар түркістандық мектепке қабылданды
Жарияланған күні:
Түркістан облысында тұратын 4 жасар вундеркинд Әли Адамбек бастауыш сыныптың бағдарламасын еркін меңгеріп, қазірдің өзінде мектепке ресми түрде қабылданып үлгерді. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.
Ата-анасының айтуынша, алғыр бүлдіршін небәрі 2 жасында әріп танып, 3 жасында сандарды көбейтуді бастаған. Қабілетімен таңғалдырған жас дарын бүгінде ағылшын тілінде де оқып-жазуды белсенді меңгеріп жүр.
"Қазір әріптердің бәрін таниды әліппені оқи береді. Есептерді еркін шығарады. Қазақ, ағылшын тілдерінде. Енді тілі шыға бастаған кезде балалардың оқулықтарымен ойнап, дамытушы мультфильмдерді көре бастады. Алғаш 3 жасында қарапайым есептерді қосып, алып жүргенін байқадық. Қазір көбейту, бөлу амалдарын да орындай алады", - дейді Әлидің анасы Нұргүл Мырзағали.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2383641-3-zhasynda-kobeite-bastagan-bastauysh-bagdarlamasyn-menggerip-algan-4-zhasar-turkistandyq-mektepke-qabyldandy/